Серік Ерубаев "Ақ жол" партиясы фракциясының өкілі.
Сурет: Telegram/mazhilis_kz.
ERNUR.KZ. Бүгін, 2024 жылдың 2 қазанында Серік Ерубаев депутаттық орынға отырды. Мәжілісте ол Асқар Садықовтың орнына келді, деп жазады zakon.kz.
Серік Ерубаев "Ақ жол" партиясы фракциясының өкілі.
2024 жылдың 29 тамызында Асқар Садықовтың "Ақ жол" партиясынан шығарылып, депутаттық мандатынан айырылғаны хабарланды. "Ақ жол" ҚДП төрағасы Азат Перуашевтің айтуынша, мұндай шешім қабылдауға Асқар Садықовтың "депутат мәртебесіне жол бермейтін әрекеттер" туралы комиссиясы негіз болған.