Шаштараз бен сұлулық салоны қызметтері 17%-ға қымбаттады

0
815

​Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, осы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында шаштараздар мен сұлулық салондары 24,4 млрд теңгеге қызмет көрсетті.


Шаштараз бен сұлулық салоны қызметтері 17%-ға қымбаттады

ERNUR.KZ. 2021 жылдың қараша айымен салыстырғанда шаштараздар мен сұлулық салоны қызметтерінің бағасы жылдық мәнде 17%-ға артты, деп жазады inbusiness.kz.

Қараша айында елімізде әйелдердің шаш қию қызметінің орташа бағасы 2 744 теңгені құрады. Республика бойынша бұл қызмет түрі Астанада қымбат тұрса (4 166 теңге), Семейде өзге өңірлермен салыстырғанда арзанырақ (1 714 теңге). Басқа қалаларда әйелдердің шашын қию қызметінің орташа бағасы - 2-3 мың теңге.

“Елімізде ерлердің шаш қию қызметінің орташа бағасы әйелдерге қарағанда арзандау– 2 037 теңге. Ер азаматтардың шашын алу бағасы Алматыда ең қымбат (2979 теңге), Қызылордада анағұрлым арзан (1355 теңге). Басқа қалалардағы баға диапазоны - 1400-ден 2500 теңгеге дейін”, - делінген Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратта.