Шатырға тығылған: Астана полициясы 20 жыл іздеуде жүрген алаяқты ұстады

0
485

Ресей азаматы алдымен Қырғыз еліне, кейін Қазақстанға қашып кеткен.


Шатырға тығылған: Астана полициясы 20 жыл іздеуде жүрген алаяқты ұстады

ERNUR.KZ. Астананы полиция департаменті Ресейде алаяқтық жасап, 20 жылдан бері ұстатпай жүрген азаматты шатырдың ішінен тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

53 жастағы ер адам Астанадағы туыстарының үйіне келіп, шатырына тығылған екен.

«Алматы аудан полиция департаментінің қызметкерлері көрші мемлекеттің аумағында алаяқтық жасағаны үшін 20 жылдан астам уақыт мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 53 жастағы азаматын ұстады. Күдікті алдымен Қырғызстанға қашып, ол жақтан Астанадағы туыстарына келген. Ол үйдің шатырынан табылды», - деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Қазір күдіктіні Ресейге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.