Шекара маңындағы жергілікті халық тек Қытай радиосын тыңдауға мәжбүр – Берік Дүйсенбинов

0
983

Мәжіліс депутаты шалғай ауылдарда отандық арналар мен радионың жоқтығын айтып сауал жолдады.


Шекара маңындағы жергілікті халық тек Қытай радиосын тыңдауға мәжбүр – Берік Дүйсенбинов

ERNUR.KZ. Пандемия кезінде халықты әбден әбігерге салған интернет байланысы әлі де толық шешімін таба алмай отыр. Әсіресе, қаладан жырақ орналасқан шалғай ауылдар бұл проблеманың азабын тартты. Осыны ескерген Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мен Инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге сауал жолдады, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының Қытай шекарасына жақын орналасқан кейбір аумақтарында отандық арналар, не радио, не интернет ұстамайтын жерлер бар. Бірақ Қытай жақтан қазақ тілінде радио сайрап тұрады. Ал шекара маңындағы жергілікті халық тек Қытай радиосын тыңдауға мәжбүр. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданына табан тіреген кез келген азаматтың телефонына әп-сәтте-ақ «Добро пожаловать в Китай! Пользуйтесь выгодными тарифами в роуминге!», «Activ приветствует вас в Китае! Пользуйтесь выгодными тарифами в роуминге» деген сипаттағы хабарламалар келіп түседі де, ізінше телефоныңыздағы Нұр-Сұлтан уақыты дереу Қытай уақытына өзгереді екен. Мұндай құбылысқа Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура және басқа да тиесілі мемлекеттік мекемелер неге назар аудармайды, неге тиесілі әрі табанды іс-шара қабылдамайды?» - деді Берік Дүйсенбинов.