Шекарашылар заңсыз тауардың жолын кесті

0
3 581

Мемлекеттік шекарадан өткен кезде қару-жарақ, оқ-дәрі және арнайы қорғаныс құралдарын алып өтуге болмайтындығын білмеген, немесе біле тұра естен шығарып алған азаматтар жиі опық жеп жатады.


Шекарашылар заңсыз тауардың жолын кесті

ERNUR.KZ. Бейнеу шекара отрядының «Тәжен – авто» бөлімшесінде шекарашылар Өзбекстаннан заңсыз тауар әкеле жатқан Өзбек азаматын ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

1980 жылы туған Өзбекстан азаматы жекеменшік автокөлігімен ешқандай рұқсат құжаттарынсыз 3200 дана әртүрлі киім-кешек пен 20 кг насыбай әкеле жатқан екен. Заңсыз жүк актіленіп «Тәжен» кеден бекетіне тапсырылды.

Сонымен қатар, Солтүстік шекарада Ресейге кетіп бара жатқан жүргіншілердің жеке көліктерінен аңшы мылтығының оқ-дәрілері мен арнайы қорғаныс құралдары табылды.

Мемлекеттік шекарадан өткен кезде қару-жарақ, оқ-дәрі және арнайы қорғаныс құралдарын алып өтуге болмайтындығын білмеген, немесе біле тұра естен шығарып алған азаматтар жиі опық жеп жатады. Кешелі-бүгінді Солтүстік шекарада (Қостанай. «Қайрақ-авто») бір азамат (ресейлік) газ тапаншасымен (оқ-дәрілерімен бірге), бір Қазақстан азаматы аңшы мылтығының оқ-дәрілерімен (Павлодар. «Найза авто»), Қостанай мен Семейдің «Аят-авто», «Үбе-авто» бөлімшелерінде 4 адам әртүрлі маркалы электрошокерлермен ұсталып, полиция бөлімдеріне тапсырылды.