Шетелден келгендер 2 тәулікке стационарда оқшаулануы керек - Бас санитар дәрігер

0
851

COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижелі адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижелі адамдар 12 тәулік бойы үйде оқшауланады.


Шетелден келгендер 2 тәулікке стационарда оқшаулануы керек - Бас санитар дәрігер

ERNUR.KZ. ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың бекіткен қаулысы бойынша, Қазақстанға шетелден келетін барлық адам 2 тәулікке дейін COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантин стационарында оқшаулануы керек, деп жазады ҚазАқпарат.

Қаулыға сәйкес, елге кіретін жерде шектеу іс-шаралары қабылданды.

Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімі, денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына Қазақстанға шетелден келетін барлық адамды 2 тәулікке дейін COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшаулауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Сондай-ақ, ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы келетін адамдар да екі тәулікке оқшауланады.

COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын белгілері бар адамдар карантиндік стационарға емес, провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің 5 күнінен кешіктірілмей берілген ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19-ға тексерілгені туралы анықтама берген, авиарейспен шет елден келген адамдар үйде 14 тәулік бойы оқшауланады. Үйде оқшаулауға жағдай болмаса карантиндік стационарда оқшаулау ұсынылады. Бұл ретте бұл адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшауланбайды.

COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижелі адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижелі адамдар 12 тәулік бойы үйде оқшауланады.

Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған кезде жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайда оқшаулау ұсынылады.