Шетелдік инвестор қазақстандық банктің толық үлесін сатып алады

0
346

Қазір әлеуетті инвестормен Bereke Bank акцияларының 100 пайызын сату бойынша келіссөз жүріп жатқанын айтты.


Шетелдік инвестор қазақстандық банктің толық үлесін сатып алады

ERNUR.KZ. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі (ҰБХ) қазақстандық Bereke Bank-ті шетелдік инвесторға сату туралы келіссөз жүргізіп жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Холдинг жауабында, қазір әлеуетті инвестормен Bereke Bank акцияларының 100 пайызын сату бойынша келіссөз жүріп жатқанын айтты.

"Келіссөздің бастапқы кезеңінде тараптар ақпаратты жарияламау міндеттемелерін көздейтін келісімге қол қойды. Осыған байланысты холдингке қатысты жауапкершілік шаралары қолданылмас үшін оның үшінші тарапқа келіссөз барысы және мәміленің шарттары, оның ішінде құны мен шарттары туралы кез келген ақпаратты беруге құқығы жоқ", - деп хабарлады "Бәйтерек".
Әлеуетті инвестор Bereke Bank-ті қаншаға бағалады деген сұраққа холдинг жауап бермеді. Мәміле қашан жасалатыны да белгісіз.