Шиеліде бір топ оқушы сегізінші сыныпта оқитын қызды зорлап кеткен

0
183

​Бұл оқиғаны білім бөлімі растаған.


Шиеліде бір топ оқушы сегізінші сыныпта оқитын қызды зорлап кеткен

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Шиелі ауданындағы мектептердің бірінде оқушы ұлдар 8-сыныпта оқитын қызды зорлап кеткен. Бұл оқиғаны аудандық білім бөлімі растаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Шиелі ауданына қарасты білім ордасында 8-сынып оқушысын мектеп оқушылары зорлапты деген сыбыс шықты, рас па? Қай мектеп?», - деп жазған аудандағы ата-ананың бірі.

Осы постқа жауап берген Шиелі аудандық полиция бөлімі оқиға болғанын растаған.

«Орын алған жағдайға байланысты тергеу құпиясы мен кәмелет жасына толмаған жас қыздың болашағына алаңдағандықтан, оқиғаның қай мектепте орын алғандығы жариялауға жатпайдығын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта аудандық полиция бөлімі тарапынан тергеу жүріп жатыр, кінәлі деп табылған адамдар заң аясында жауапқа тартылатындығын хабарлаймыз», - деп жазған білім басқармасы.