Павлодарда екі адам кісі өлтіріп, мәйітін баспалдақ арқылы сүйреп шығарған (ВИДЕО)

0
125

​Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды


Павлодарда екі адам кісі өлтіріп, мәйітін баспалдақ арқылы сүйреп шығарған (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Павлодарда екі адам кісі өлтіріп, мәйітін баспалдақ арқылы сүйреп шығарғаны анықталды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Видеода мәйітті екі аяғынан тартып, төмен қарай сүйреп бара жатқаны байқалады.

Оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

«Павлодар облысының полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Күдіктілердің жеке басы анықталды. Олардың бірі дереу ұсталды, екінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары кешенді түрде жүргізіліп жатыр.
Қылмыс тұрмыстық сипатта болғандығы және алкогольдік ішімдіктерді бірге ішу барысында туындаған жанжал негізінде жасалғаны алдын ала анықталған. Болған оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.