​«Ауылға путевка алып кетеміз бе»: Шерзат ісі бойынша куәгер күдіктіден естігенін айтты

0
115

Куәгер кетіп қалуға мүмкіндік болғанын, алайда қорыққанын жеткізді.


​«Ауылға путевка алып кетеміз бе»: Шерзат ісі бойынша куәгер күдіктіден естігенін айтты

Фото: Видеодан алынған скрин

ERNUR.KZ. Талдықорған қаласында өтіп жатқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында куәлік берген Дана Жақсыгелді күдіктілердің көлік ішіндегі әңгімесін айтып берді, деп жазады inform.kz.

– Біз «777» дүкенінен шыққаннан кейін көлікке отырып, Талғар қаласынан шығып кеттік. Сол кезде Нұрқияс телефон арқылы біреулерді шақырып жатты. Содан кейін біреуі қалжыңдап «ауылға путевка алып кетеміз бе» деп айтты, – деді Дана Жақсыгелді.

Сондай-ақ, куәгер кетіп қалуға мүмкіндік болғанын, алайда қорыққанын жеткізді.
Осыған дейін Дана Жақсыгелді мылтық пен пышақ туралы айтқан болатын.