Зардап шеккендердің үшеуі – бала.
ERNUR.KZ. Алматыда тоқтап тұрған троллейбусқа автобус соқтығысып, 10 адам зардап шекті, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға бүгін сағат 11:45-те болған.
"Аялдамада тоқтап тұрған троллейбусқа автобус соқтығысты. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүріп жатыр", - дейді ведомстводағылар.
Салдарынан 10 адам зардап шеккен, оның үшеуі – бала.
"Жедел медициналық жәрдем қызметі қалалық стационарларға жол апатынан зардап шеккен 10 адамды жеткізді. Жеті ересек адам орталық қалалық клиникалық ауруханаға, үш бала шұғыл медициналық жәрдем орталығына жіберілді", - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Зардап шеккендердің барлығы қажетті тексерулерден өтті. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар тұрғылықты жері бойынша емханада бақылау ұсыныстарымен үйлеріне жіберілді.