ШҚО-да 12 жасар жеткіншектің басына футбол қақпасы құлап кетті

0
476

12 жасар жеткіншек футбол қақпасына асылып ойнап тұрған.


ШҚО-да 12 жасар жеткіншектің басына футбол қақпасы құлап кетті

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында 12 жастағы жеткіншектің басына футбол қақпасы құлап кетті, деп жазады inform.kz.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 26 шілде күні Ұлан ауданы Сібе көліндегі демалыс орындарының бірінде болған.

12 жасар жеткіншек футбол қақпасына асылып ойнап тұрған.

Сол кезде қақпа құлап кетіп, бала басынан жарақат алған. Медициналық мекемеге жеткізілген оған дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп, көгерген маңдайын таңып берді.

Келесі күні жеткіншектің ата-анасы полицияға арыз түсірді.

Алайда ол бойынша қылмыстық немесе әкімшілік іс қозғалмаған.

Оның себебін Ұлан аудандық полиция бөлімінің бастығы Қуаныш Қонжанов түсіндірді.

— Бұл — азаматтық құқықтық жауапкершілік. Сондықтан сотқа арызданған жөн, — деді ол.