Облыста су тасқыны жағдайының асқынуы кезеңіне күштер мен құралдар топтастырылды.
ERNUR.KZ. ШҚО-да су тасқыны қауіпті жерлерге әуеден барлау жүргізілді, деп жазады Tengrinews.kz.
Министрлік мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаевтың төрағалығымен "МИ-8" тікұшағында Риддер қаласы, Алтай, Глубокое, Катон-Қарағай, Күршім, Самар, Ұлан аудандарындағы су тасқыны қаупі бар жерлерге әуеден барлау жүргізілді.
Облыста су тасқыны жағдайының асқынуы кезеңіне күштер мен құралдар топтастырылды, олардың саны 1 719 адам, 756 бірлік техника, 83 бірлік жүзу құралы және 224 мотопомпа.