​ШҚО тұрғыны парақорды ұстап беріп, миллионер атанды

0
697

Тағы бес азамат орташа есеппен 100 мың теңгеден сыйақы алды.


​ШҚО тұрғыны парақорды ұстап беріп, миллионер атанды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны пара туралы хабар беріп, 4 миллион теңгеге ие болды. Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері берілген ең жоғары сыйақы осы, деп жазады Stan.kz.

Тағы бес азамат орташа есеппен 100 мың теңгеден сыйақы алды. Айта кетейік, Қазақстанда былтыр жемқорларды ұстап берген азаматтарды ынталандыру жүйесі енгізілді.

"Параның немесе келтірілген залалдың соммасы 1 000 АЕК-дан аспайтын болса, хабар берген азамат қылмыстың ауырлығына қарай 30 бен 100 АЕК аралығында сыйақы алады.

Ал 1 000 АЕК-дан асатын пара жайлы хабар жеткізсе, сыйақының көлемі 10%-ды құрайды, бірақ 4 000 АЕК-дан аспауы тиіс. Мысалы, егер пара немесе келтірілген залал құны 50 миллион теңге болса, хабар берген адам сот шешімі шыққаннан кейін 5 миллион теңгеге ие болады", – деп хабарлады Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі.