​ШҚО: Зейнеткердің алтын әшекейлерін жол үстінде тартып алып кеткен

0
1 607

Күдікті 36 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан.


​ШҚО: Зейнеткердің алтын әшекейлерін жол үстінде тартып алып кеткен

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында көлік полицейлері теміржол үстінде зейнеткердің алтын әшекейлерін күш көрсетіп алып кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өскемен-1 станциясындағы желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне Риддер қаласының тұрғыны, 67-жастағы әйел шағымданып келді. Оның айтуынша, «Риддер-Тишинка» өткелінде темір жолдан өтіп бара жатқан кезінде белгісіз біреу оның алтын әшекейлерін тартып алып, ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында көлік полицейлері 36-жастағы бұрын сотталған қала тұрғынын ізін суытпай анықтап, күдіктіні ұстады.

Күдікті аталған қылмысқа қатысы бар екенін мойындады.

Тексеру кезінде оның ұрлаған алтын әшекейлерді Риддер қаласындағы ломбардтардың біріне өткізгендігі анықталды және іздестіру іс-шарасы кезінде жәбірленуші өзінің алтын әшекей заттарын таныды.

Риддер қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен ұсталған азамат кінәлі деп танылып, ҚР ҚК 191-бабының 2 тармағымен, мүлкін тәркілей отырып, үш жыл бас бостандығынан айырылды.

Дереккөз: Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі