Шу ауданында полиция инспекторын пышақтаған тұрғын қамауға алынды

0
544

Полиция қызметкері аудандық ауруханаға жатқызылды, денсаулығына қауіп жоқ.


Шу ауданында полиция инспекторын пышақтаған тұрғын қамауға алынды

ERNUR.KZ. 8 маусым түнгі сағат 22:50 шамасында Шу аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторының ұялы телефонына Шу қаласының 37 жастағы тұрғыны хабарласып, азаматтық некедегі күйеуі жанжал шығарып жатқандығы туралы айтқан, деп жазады Azattyq Rýhy.

Шақырту бойынша келген учаскелік полиция инспекторына 27 жастағы жанжал шығарған азамат бірнеше рет пышақ жарақатын келтіріп, оқиға орнынан бой тасалаған.

Полиция қызметкері аудандық ауруханаға жатқызылды, денсаулығына қауіп жоқ.

Аталған дерек бойынша «Сирена-1», «Тосқауыл» жоспарлары жарияланып, іздеу жұмыстарына Полиция департаменті және Шу, Қордай, Мойынқұм, Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамы жұмылдырылды. Қылмыстық кодекстің 380-1-бабы 1-бөлігімен (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті Шу ауданының Алға ауылынан ұсталды, оның масаң күйде екендігі анықталды. Ол Шу аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.