«Қазақстан темір жолы» компаниясы оқиға өзге пойыздардың қозғалысына кедергі келтірген жоқ деп сендірді.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысындағы Шұбаркөл станциясында жүк вагондары рельстен шығып кетті, деп жазады kaz.inform.kz.
«3 қараша күні сағат 03.45-те жеке меншік жол бойында „Шұбаркөл Көмір“ АҚ станциясындағы жеке кірме жолында үш жүк вагоны рельстен шығып кетті», — делінген хабарламада.
Локомотив жеке меншік тасымалдаушыға тиесілі және аталған құрамды жеке компанияның локомотив бридасы басқарған.
«Қазақстан темір жолы» компаниясы оқиға өзге пойыздардың қозғалысына кедергі келтірген жоқ деп сендірді.