Шұңқырға түсіп кеттім деп көмек сұраған азамат табылды

0
1 444

Отбасы тауып берген адамға сыйақы тағайындаған болатын.


Шұңқырға түсіп кеттім деп көмек сұраған  азамат табылды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде шұңқырға түсіп кеткенін хабарлағаннан кейін жұрт ұзақ іздеген Кенжебай Алдашевтың денесі бүгін табылды. Еріктілер бір ай бойы іздеу жүргізіп, Ақшат ауылы маңындағы шұңқырдан 54 жастағы ер адамның денесін алып шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Іздеу жұмыстарына қатысқан еріктілер жарты сағат бұрын шұңқырдан Кенжебай Алдашевтың денесін тапты. Ол өзі хабарлағандай, Ақшат ауылы маңындағы шұңқырдан табылды. Еріктілер 10 қарашадан бастап күні бүгінге дейін күн сайын іздеуге шықты. Біздің іздеу тобымызда 30 ерікті бар. Әр күні 3, кейде одан да көп адам қатарымызға қосылды», - дейді Ақтөбедегі іздеу еріктілер тобының жетекшісі Екатерина Голотина.

Айта кетейік, 54 жастағы Кенжебай Алдашев өзінің шұңқырда екенін айтып, көмек сұраған болатын. Іздеу жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметі мен полиция, еріктілер, тума-туыстары қосылды. Ал отбасы тауып берген адамға сыйақы тағайындаған болатын.