Шығыс Қазақстан облысында каналға түсіп кеткен көліктен жүргізушінің мәйіті шығарылды

0
319

Қайғылы оқиғаға жол апаты себеп болған.


Шығыс Қазақстан облысында каналға түсіп кеткен көліктен жүргізушінің мәйіті шығарылды

Шығыс Қазақстан облысында каналға түсіп кеткен көліктен жүргізушінің мәйіті шығарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жер-2024" оқу-жаттығуына келген Қарағанды облысының құтқарушылары автокранның көмегімен судан автокөлікті және оның ішінде қимылсыз жатқан жүргізушіні алып шықты", - делінген хабарламада.
Жеңіл автокөлік Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауылынан 5 километр қашықтықта жол апаты салдарынан Төре Тоған каналына түсіп кеткен.