Шығыс Қазақстанда қар көшкіні адамдар отырған автобусты басып қалған

0
555

Автобусты қар көшкінінен жолдан өтіп бара жатқан өзге адамдар аршып алған.


Шығыс Қазақстанда қар көшкіні адамдар отырған автобусты басып қалған

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында демалыс орталықтарына бара жатқан жолда ішіне адамдармен қоса балалар отырған автобусқа қар көшкіні құлаған. Бір ғажабы, көлікте болғандардың ешқайсысы зардап шекпеген, деп жазады stan.kz.

Қазір өңірде дауылды ескерту жарияланғанымен, тұрғындар әлі де демалысқа шығып тұрады. Ал сосын оларды құтқарушылар құтқаруға мәжбүр болады.

Автобус жүргізушісі еңістегі қар массасының қозғалысын байқап, көлікті бірден тоқтатқан. Қар көліктің есіктері мен шатырын ғана басып қалған. Автобусты қар көшкінінен жолдан өтіп бара жатқан өзге адамдар аршып алған.

"Қар көп жиналған тау беткейлерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қар көшкінін алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Қыс басталғалы бері 260 мың текше метрге жуық қар түсіп үлгерді", - дейді Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Марина Лискова.

Синоптиктер де үрейлі болжам айтады. Сөздерінше, термометрлер +7 градусқа дейін көтеріледі. Сонымен қоса жаңбыр мен қар жауады деп күтіледі. Барлық қызметтер жоғары дайындық режиміне қойылып, су басы қаупі бар жерлер ерекше бақылауға алынған.