Шығыс Қазақстанда сотталушы түрмеде некесін қиды

0
1 047

Неке қию рәсімінен кейін қалыңдық пен күйеу бала ұзақ мерзімді кездесу бөлмесінде заңды ерлі-зайыпты ретінде екі күн бірге тұрады.


Шығыс Қазақстанда сотталушы түрмеде некесін қиды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында түрмеде некеде қиылды, деп жазады polisia.kz.

Ғашық болған әрбір жұп өздерінің сезімдерін заңдастыруға және некеге тұруға ұмтылады.Бірақ өмір болған соң әдеттегі жағдайлардан басқа да өзгеше жағдайлар болып тұрады. Сотталған адамға жеке өмірін қалауынша құру үшін және некесін қиып, оны тіркеуіне “жаза өтеy” мен “темір тор” кедергі келтірмейді.

Мұндай жағдайдың тек бір ғана : сотталған күйеу баланың қалыңдыққа алтын неке сақинасын сыйлай алмауымен, неке қию рәсіміне көп қонақтардың бара алмауымен ерекшеленеді. Осындай жағдайдың бірі ШҚО ҚАЖД ОВ 156/6 түзеу мекемесінде орын алды. Бүгінгі күннің кейіпкерлерінің қалауынша Шемонаиха аудандық АХАЖ бөлімінен маман қызметкерге бір жұпты ерлі-зайыпты деп жариялау,сәйкес құжаттарын рәсімдеп, некелерін қию сәті түскен.

Қалыңдықтің есімі – Әлия,жасы 29-да.Әке шешесімен бірге тұрады. Өзінің сүйікті ісімен айналысады, фабрикада кондитер болып жұмыс істейді. Неке қию,тұрмысқа шыққан күніне арнап кейіпкеріміз өз қолымен тәтті торт жасап әкелген. Әлияның айтуынша ауыр қылмыс жасағаны үшін әке-шешесі 9 жылға бас бостандығынан айырылған адаммен некеге тұратындығын біледі және ешқандай қарсылық білдірмеген екен.

Арман - жасы 32-де,жаза мерзімін өтеп жатқанына биыл 4 жыл болды.Жастайынан Әлияны таниды, өзі пысық, қарапайым.

"Өмір болғасын, қателікті әр адам жіберуі мүмкін. Жаза мерзімімді толық өтесем де қорықпаймын, өйткені бостандықта мені жақсы көріп,күтетін жандардың бар екенін білемін", – деп өз ішкі сезімін білдіріп,көзіне қуаныштанн жас алды Арман.

Әлия Арманның ата-анасымен жақсы, жылы қарым-қатынаста. Осындай бақытты сәттерінде туған-туысқандарының қасында жоқ болғанына өкініштерін білдірді.

"Неке сақинасы орнына сымнан жасалған сақина өте қымбат,өйткені күйеуім өз қолымен ,жан дүниесімен жасады",- дейді Әлия.

Мекеме басшысы М.М.Сейтахметовтың айтуынша, сотталған адам тағдырын сүйіктісімен байланыстырып, түзеу жолына берік түсіп, өмірін қайта құрып, сайып келгенде мерзімінен бұрын босатылған кездердің көптеп болғанын айтып өтті. Осы түрме қабырғасында осы жылдың басынан екі рет неке қиылды.

Неке қию рәсімінен кейін қалыңдық пен күйеу бала ұзақ мерзімді кездесу бөлмесінде заңды ерлі-зайыпты ретінде екі күн бірге тұрады.