Шымбұлақ әлемдегі ең үздік 5 шаңғы курортының қатарына енді

0
1 004

Шетелдік БАҚ әлемнің 52 қаласына биыл саяхаттауды ұсынады. Соның ішінде Алматы баруға тұрарлық 25-орында тұр.


Шымбұлақ әлемдегі ең үздік 5 шаңғы курортының қатарына енді

ERNUR.KZ. Condé Nast Traveler италиялық журналы Шымбұлақ тау шаңғысы курортын қысқы спорт әуесқойлары міндетті түрде баруы тиіс әлемдегі үздік 5 жердің қатарында қосты, деп жазады stan.kz.

Басылым Алматы қаласынан жарты сағат жерде орналасқан Шымбұлақ тауы шаңғы курортын “керемет атмосфера мен заманауи жайлылыққа ие" деп атап, апре-скиді өткізіп алмауды кеңес етті.

"Бұл тізімде қазақстандық курортпен қатар Исландиядағы Тролль түбегі, Аляскадағы Денали тауы, Грузиядағы Казбеги және Жапониядағы Зао тау шаңғы курорты бар", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін The New York Times басылымының “2024 жылы бару керек 52 жер” деген материалында Алматы қаласы да тізімге енгені туралы жазған едік.

Шетелдік БАҚ әлемнің 52 қаласына биыл саяхаттауды ұсынады. Соның ішінде Алматы баруға тұрарлық 25-орында тұр. Онда Алматы қаласы люкс моншалар, калейдоскопиялық соборлар және заманауи тағамдар деген үш сөзбен сипатталған. Алматы туралы ақпаратта “Арасан” моншасы мен христиандардың соборы, базар мен мейрамханалар бар.