Шымкенттегі балмұздақтан жаппай улану жағдайының себебі анықталды

0
1 528

«Бұған өнімнің сальмонеллез және болар-болмас дәрежеде стафилокок қоздырғыштарын жұқтыруы себеп болған. Бұл нақты анықталғаны», - деді еліміздің бас санитарлық дәрігері.


Шымкенттегі балмұздақтан жаппай улану жағдайының себебі анықталды

Шымкентте сапасыз балмұздақтан уланғаны туралы шағым түсірген 97 пациент ауруханадан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда зардап шегушілер шығарылып жатыр. Десе де, әлі де 88 адам ауруханада, 97-сі шықты. Менің ойымша, алдағы 1-2 күнде зардап шеккендердің бәрі де үйіне қайтады», - дейді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин.

Сонымен бірге, ол лабороториялық жұмыстардың нәтижесі туралы айтты.

«Бұған өнімнің сальмонеллез және болар-болмас дәрежеде стафилокок қоздырғыштарын жұқтыруы себеп болған. Бұл нақты анықталғаны», - деді еліміздің бас санитарлық дәрігері.