Си Цзиньпин Қазақстанға келеді

0
604

Сапар Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.


Си Цзиньпин Қазақстанға келеді

ERNUR.KZ. Қыркүйекте Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

"ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары 14 қыркүйекке жоспарланған. Сапар барысында мемлекет басшыларының екіжақты келіссөзі өтеді деп жоспарланып отыр, ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша екіжақты құжаттарға қол қойылады", - деді Смадияров Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, сапар Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.