СІМ Таиландтың қауіпті аймақтарында қалған қазақстандықтар туралы айтты

0
1 153

Таиландтың демалыс аймақтарында туристік агенттіктердің көмегіне жүгінбей өз беттерінше барған қазақстандық туристер де аз емес


СІМ Таиландтың қауіпті аймақтарында қалған қазақстандықтар туралы айтты

ERNUR.KZ. Таиландтың қауіпті аймақтарында қалған Қазақстанның 81 азаматымен байланыс орнатылды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазақстан консулы Самуи, Пхукет аралындағы ірі қонақ үйлермен және Паттайя шипажайларымен байланысқа шықты. Бүгінгі күні қауіпті аудандарда қалған Қазақстанның 81 азаматымен байланыс орнатылды. Дипломаттар олармен тұрақты байланысқа шығып, төтенше жағдай орын алған жағдайда қалай әрекет ету керектігін түсіндіруде», - деді Айбек Смадияров.

Оның атап өтуінше, Таиландтың демалыс аймақтарында туристік агенттіктердің көмегіне жүгінбей өз беттерінше барған қазақстандық туристердің де көп екендігі анық.

«Сондықтан оларға да біздің дипломаттармен байланысқа шығуға кеңес береміз. Біз бірде-бір азаматымыз көмексіз қалмауы үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз», - деді ҚР СІМ өкілі.

Еске салсақ, бұған дейін Таиландта тынығып жатқан қазақстандықтарға абай болу ескертілген еді. Сондай-ақ, елде соңғы жылдары тіркелмеген қатты дауыл алдындағы тыныштық жайлы сол елде демалып жатқан қазақстандықтар айтқан болатын.