​Сингапур компаниясы Алматы облысында «G4 City» спутник қалаларын салады

0
711

Бүгінгі күні «Қоянқұс» тұрғын алабын дамытудың бірінші кезеңінің жобасы, жобалық сметалық құжаттары әзірленді және құрылысты бастау үшін барлық қажетті инфрақұрылым жүргізілді.


​Сингапур компаниясы Алматы облысында «G4 City» спутник қалаларын салады

ERNUR.KZ. Алматы облысына жұмыс сапары шеңберінде ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Алматы облысының аумағындағы төрт спутниктік қала - «G4 City» құру жобасымен танысты, деп жазады inform.kz

Министр «G4 City» жобасының көрсетілім галереясында болды. Онда жобаның толық ауқымды моделі орналасады, оның ішінде Gate City спутниктік қаласының оңтүстік жоспарлау аймағының дәлізін дамыту да қарастырылады. Болашақта «G4 City» ақылды қалаға айналуы керек, ол төрт ауданнан тұратын болады: Gate District - бизнес -қаржы орталығы, Golden District - білім беру және медициналық хаб, Growing District - өндірістік және логистикалық хаб, Green District - туризм және ойын-сауық «Алматы-Қапшағай» тас жолының бойында орналасқан.

Бүгінгі күні «Қоянқұс» тұрғын алабын дамытудың бірінші кезеңінің жобасы, жобалық сметалық құжаттары әзірленді және құрылысты бастау үшін барлық қажетті инфрақұрылым жүргізілді. «G4 City» деволепментті дамытуды Сингапур Surbana Jurong Group мемлекеттік компаниясы жүзеге асырады. Бұл Азиядағы ірі қалалық және инфрақұрылымдық корпорациялардың бірі. Сингапур Temasek Holdings ұлттық байлық қорына жатады, 16 мың адам жұмыс істейді, әлемнің 40 елінде бар. Компания Сингапурда 1 миллионнан астам пәтердің құрылысын аяқтады, 30 елде бас жоспарларды әзірледі және 100 -ден астам индустриалды парктердің жобасын жасады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 30 қыркүйекте Сингапур делегациясының Қазақстан Республикасына сапары шеңберінде ҚР Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Сингапурдың «Surbana Jurong Group» инвестициялық компаниясының басшылығымен кездесті. Тараптар Алматы агломерациясын дамытудың инвестициялық жобасын жүзеге асырудың келешегін талқылады және «G4 City» жобасы бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты атап өтті.