​Синоптик: Қазақстанда күн суытады

0
3 316

"Қазгидромет" Қазақстанның қай өңірлерінде жаңбыр жауатынын айтты


​Синоптик: Қазақстанда күн суытады

ERNUR.KZ. Инженер-синоптик Лаура Сайлыбаеваның мәліметінше, ауқымды антициклон Қазақстаннан кетеді, деп жазады sputniknews.kz.

Алайда республиканың батыс өңірлеріне атмосфералық фронттармен бірге суық әрі ылғалды ауа массалары келеді. Қазақстан аумағы бойынша шығысқа қарай ығысатын суық фронттардың салдарынан жаңбыр жауып, әуелі батыс өңірлерде, ал 6 қазанға қарай солтүстік, орталық және оңтүстік аймақтарда күн суытады. Шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарда күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды, ауа температурасы жоғарылайды.