СҚО әкімдігі көпір неге қалқып жүргенін түсіндірді

0
590

Қазір көпір қалқып тұр. Көп ұзамай ол жағаға бекітіледі.


СҚО әкімдігі көпір неге қалқып жүргенін түсіндірді
ERNUR.KZ. Куәгерлер понтон көпірді су шайып, төмен қарай қалқып бара жатқаны түсірілген бейнежазба жариялады. Бұл жағдай Солтүстік Қазақстан облысындағы Соколовка ауылында болған, деп жазады zakon.kz.

Қызылжар ауданының әкімдігі бұл жағдай шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.



Әкімдік 10 сәуірде Есіл өзеніндегі су деңгейі көтерілгендіктен, аудан әкімдігі Соколовка – Большая малышка ауылдарын жалғап тұрған понтон көпірді уақытша ажырату бойынша жыл сайынғы жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

"Жұмыстар көзделген жоспарға сәйкес жүргізілді, атап айтқанда Соколовка ауылы жағынан қолданыстағы іргетас блоктарына бекітілген аппарельдер алынып тасталды. Ал Большая Малышка ауылы жағынан автокранмен алынды", - делінген хабарламада.

Қазір көпір қалқып тұр. Көп ұзамай ол жағаға бекітіледі.