СҚО-да екі жасөспірімге Telegram арқылы суицид туралы тапсырма берілген

0
400

Суицидті насихаттайтын бірнеше заңсыз контент анықталды.


СҚО-да екі жасөспірімге Telegram арқылы суицид туралы тапсырма берілген

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Telegram мессенджері арқылы «аниме» жанрында өз-өзіне қол жұмсау бойынша тапсырмаларды орындаған екі жасөспірім анықталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, заңды өкілдермен сәйкес профилактикалық жұмыс жүргізілді, аталған балаларға психологиялық көмек көрсетілді және уәкілетті органдар оларды бақылауға алды.

«Осы мессенджерде балалар суицидін тікелей насихаттайтын 8-ден астам заңсыз контент анықталды. Қазіргі уақытта «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы осы топтарға кіру бұғатталған. Уәкілетті органдар мен психологиялық қызметтер жұмысының тиімділігін арттыру үшін прокуратураның бастамасымен аталған мәселе бойынша практикалық іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, осы жылдың қазан айында облыс әкімдігінің алаңында ауқымды практикалық семинар өткізілді, онда облыстың білім беру мекемелерінің директорлары мен психологтарына суицидке бейім балаларды, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде анықтау бойынша жаңа ғылыми әдістемелер мен алгоритмдер жеткізілді», - делінген прокуратура хабарламасында.