Өңірдегі гидрологиялық бекеттер орналасқан барлық өзендерде су көтеріліп жатыр.
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы толып, ернеуінен асып төгіліп жатыр, деп азады inform.kz.
«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, бөгеннің тасуы бүгін сағат 20.50 минут кеткенде тіркелді. Өңірдегі гидрологиялық бекеттер орналасқан барлық өзендерде су көтеріліп жатыр.
Кешкі сағат 20.00-дегі гидрологиялық мониторниг мәліметіне сүйенсек, Тоқсан би ауылының маңында Есіл өзенінің су деңгейі бүгін таңғы сағат 8.00-ден бері 2 метрге көтерілген.
Ақанбұрлық өзенінің су деңгейі Возвышенка елді мекенінің маңында осы аралықта 119 см-ге артты.
Мұқыр өзенінде деңгейі 92 см-ге көбейді.
Облыстағы Шарық, Бабықбұрлық, Иманбұрлық, Қамысақты өзендері де күннен-күнге толығып жатыр.
Естеріңізге салайық, былтыр да Сергеев су қоймасы осы күндері тасып, 8 сәуірде 196 см-ге дейін көтеріліп, шарықтау шегіне жетті.