СҚО-да жүріп бара жатқан көліктен түсіп қалған ер адам қайтыс болды

0
355

Ол есікті ашып, түсіп қалған темекісін алмақ болыпты.


СҚО-да жүріп бара жатқан көліктен түсіп қалған ер адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы Саумалкөл ауылындағы айналма жолда «Toyota RAV-4» автокөлігінің жүргізушісі жүріп келе жатқан көліктен ауып түсіп, алған жарақаттары салдарынан қайтыс болды деп жазады Azattyq Rýhy.

Оқиға болған кезде көлікте марқұмның әйелі мен тағы бірнеше адам болған. Олар жараланған ер адамды ауруханаға жеткізгенімен, ол жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-б. «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Болған оқиғаның мән-жайын толық және жан-жақты қарауға бағытталған тергеу жүргізілуде.

«Қайтыс болғанның туыстарының айтуынша, ер адам электронды темекісін аламын деп есікті ашқан сәтте құлап кеткен. Автокөліктің жолаушыларынан қауіпсіздік мәселесіне жауапкершілікпен қарауды, қауіпсіздік белбеуін ағытпауды және қозғалыс кезінде есікті ашпауды сұраймыз», - деді аудандық ПБ бастығы полиция полковнигі Марат Серкешев.