СҚО-дағы ауруханада қару ұстаған жасөспірім дәрігер мен науқасқа шабуыл жасады

0
486

Медициналық ұйымның бас дәрігері Нұрлан Аймановтың айтуынша, жасөспірімдер рұқсатсыз кірген.


СҚО-дағы ауруханада қару ұстаған жасөспірім дәрігер мен науқасқа шабуыл жасады

ERNUR.KZ. 23 қазанда Солтүстік Қазақстан облысындағы облыстық көп бейінді балалар ауруханасына 17 жастағы үш жасөспірім кіріп, жанжал шығарған, деп жазады tengrinews.kz.

Медициналық ұйымның бас дәрігері Нұрлан Аймановтың айтуынша, жасөспірімдер рұқсатсыз кірген. Олар медицина қызметкерлері мен күзетшілердің ескертулерін құлаққа ілмеген. Олар ешкімді тыңдамай, былапыт сөздер айтып, "шабуылын" жалғасытырған.

"Олар аурухананың екінші қабатына 15 жастағы науқас құрбысын көру үшін барған мыс. Жасөспірім оны дәлізге сүйреп шығарып, отырғызып, басынан ұра бастаған. Дәрігерлер мен медбикелер ескерту жасағанда, 17 жастағы А. қыздың балдағын жұлып алып, невропатологтың ішінен ұрған. Сосын қалтасынан тапаншасын шығарып, әдепсіз сөздер айтып, күш көрсетемін деп қорқытқан", — дейді Нұрлан Айманов.

Осыдан кейін ол бірінші қабатқа түсіп кеткен. Қашып бара жатып есіктің әйнегін сындырып, қолын жарақаттап, кейін екінші есікті сындырған. Сосын ол қарумен қорқытып, қашып кеткен. Бұл факт полицияға хабарланған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.