«Соғыста нан таратқандай»: Жаңаөзенде тегін балмұздақ үшін адамдар бір-бірін таптап кете жаздады (видео)

0
1 228

Жаңаөзен қаласындағы аттракциондер паркінде отбасы күнінің құрметіне келушілерге тегін балмұздақ таратты


«Соғыста нан таратқандай»: Жаңаөзенде тегін балмұздақ үшін адамдар бір-бірін таптап кете жаздады (видео)

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы аттракциондер паркінде Отбасы күнінің құрметіне келушілерге тегін балмұздақ таратқан. Алайда біраз уақыттан кейін адамдар ұрысып, бір-бірін таптап кете жаздады, деп жазады caravan.kz.

Тегін балмұздақ үшін кезекте тұрған адамдар бір-бірін балағаттап, итеріп, алға қарай өтіп кетпек болды. Желіде куәгерлер түсіріп алған видео тарады.

«Кезекте қысылысып тұрған адамдар құлап, есінен танып жатты. Балмұздақты тек 20-30 адам ғана алды. Қалғандары алған жоқ. Соғыстағы аштық кезінде нан таратқандай болды. Ешкім аяғының астына қарамады, балалар қысылып қалды. Сұмдық», - дейді куәгерлердің бірі.