Солтүстік Қазақстанда бруцеллезге байланысты шектеу енгізілді

0
1 004

Ленинское ауылында бруцеллез ауруын жұқтырған 63 ірі қара анықталды


Солтүстік Қазақстанда бруцеллезге байланысты шектеу енгізілді

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында ірі қара арасында бруцеллездің өршуіне байланысты шектеу шаралары енгізілді, деп жазады sputnik.kz.

Аққайын ауданындағы Ленинское ауылында бруцеллез жұқтырған 63 ірі қара анықталды. Осыған байланысты шілде айынан бері шектеу шаралары енгізілген. Ауылға малды және мал өнімдерін әкелуге, шығаруға болмайды.
"7 тамызда Ленинское ауылында бруцеллез сынамасына оң реакция көрсеткен 9 бас мал анықталды. Жалпы, жыл басынан бері бес ауданда бруцеллез жұқтырған 170 ірі қара болды. Ал өткен жылы дәл осы кезеңде ауру малдың саны әлдеқайда көп болды, 722 бас анықталған болатын", - дейді облыстық ветеренария басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол Нұртазин.
Ауру мал анықталған ауылдар:
1. Ленинское – 63;
2. Камышлово – 17;
3. Аралағаш – 8;
4. Астраханка – 3;
5. Ақжар ауданы – 41;
6. Айыртау ауданы – 19;
7. Қызылжар ауданы – 12;
8. Уәлиханов ауданы – 7.
Ленинсое ауылынан бөлек Камышлово мен Талшық ауылында шектеу шаралары енгізілген. Ал Қызылжар ауданындағы Байсал ауылында сәуір айында жарияланған шектеулер 7 тамызда алынды.
Ветеренария басқармасының мәліметіне сәйкес, осы уақытқа дейін малды санитарлық жоюға тапсырған 41 адамға 5,3 миллион теңгенің өтемақысы төленді.