Атап айтқанда, бөгеттер орнату, құм салынған қапшықтар төсеу және су ағызуға арналған қосымша арықтар қазу сияқты алдын алу шаралары қолға алынды.
ERNUR.KZ. Республикалық маңызы бар жолдарда су тасқынынан туындаған ақауларды жою, көлік қозғалысын қалпына келтіру шаралары жүргізілуде, деп жазады sputnik.kz.
Бұл туралы көлік министрлігі автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Өтенбаев айтып берді.
Атап айтқанда, бөгеттер орнату, құм салынған қапшықтар төсеу және су ағызуға арналған қосымша арықтар қазу сияқты алдын алу шаралары қолға алынды.
Су тасқыны салдарын барынша азайту мақсатында 9 учаскеде 70 метрге жуық жол төсемі мәжбүрлі түрде бұзылған еді.
Қарағанды облысындағы "Бастау – Ақтау – Теміртау" автомобиль жолының 25 шақырымы;
Павлодар облысындағы "Атамекен – Ертіс – Русская поляна" автомобиль жолының 2 учаскесі;
Қостанай облысындағы "Денисовка – Аршалы – Комаровка" автомобиль жолының бір учаскесінде (41 км).
Солтүстік Қазақстан облысында "Жезқазған – Петропавл" автожолының 706 және 872 шақырымында, "Булаево – Возвышенка – Қиялы – Рощинское" 208 км автожолында, "Рощинское – Корнеевка – Волошинка" 14 км және "Волошинка – Сергеевка – Тимирязево" 2 км автожолында да жол төсемін бұзуға тура келді.
"Жедел іс-әрекеттің нәтижесінде жолдардың басым бөлігі қалпына келтірілді. Бүгінгі таңда "Жезқазған – Петропавл" тас жолының 872 шақырымындағы Амангелді және Покровка ауылдары арасындағы учаскеде жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жұмыстың барлық түрі жолдарды күтіп-ұстауға бөлінген қаражат шеңберінде жүзеге асырылуда", - деді Ғ. Өтенбаев Орталық коммуникациялар қызметінде.