Sulpak дүкендер желісінің негізін қалаушы көз жұмды

0
305

Sulpak сауда желісі Қазақстанда 1992 жылы пайда болды.


Sulpak дүкендер желісінің негізін қалаушы көз жұмды

ERNUR.KZ. Қазақстандағы Sulpak электроника дүкендері желісінің негізін қалаушылардың бірі Андрей Пак қайтыс болды. Қаралы хабарды оның қызы Светлана жеткізді, деп жазады inbusiness.kz.

"Әкемізді еске алуға арналған мемориалдық кеш", – деп жазды Светлана Пак Instagram парақшасында.

Кәсіпкер бірнеше жыл бұрын Sulpak-тағы үлесін сатып жіберіп, соңғы кездері Еуропада тұрды.

Sulpak сауда желісі Қазақстанда 1992 жылы пайда болды. Құрылтайшылары Алмас Сұлтанғазин және Андрей Пак. Бренд атауы олардың фамилияларының бірінші буындарынан тұратынын еске саламыз.