Светлана Жақыпова колледждерде сержанттар дайындайтын әскери кафедралар ашуды ұсынды

0
509

Светлана Жақыпованың дерегінше, биыл 948 мыңнан астап азаматты жұмыспен қамту көзделіп отыр.


Светлана Жақыпова колледждерде сержанттар дайындайтын әскери кафедралар ашуды ұсынды

ERNUR.KZ. Бүгін Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова колледждерде сержант құрамын дайындайтын әскери кафедралар ашуды ұсынды, деп жазады inform.kz.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта елімізде техникалық мамандардың тапшылығы байқалады. Сондықтан мамандығы бойынша оқуын аяқтаған жастарды әскери борышын өтеуден босату мәселесін қарастыру қажет.

«Оларды әскери дайындықтан өткізу үшін колледждерде сержант құрамын дайындауға бағытталған әскери кафедраларды ашуды ұсынамын», - деді министр.

Жалпы, Светлана Жақыпованың дерегінше, биыл 948 мыңнан астап азаматты жұмыспен қамту көзделіп отыр. Бүгінге дейін 352 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Бұл жалпы көрсеткіштің 37 пайызы. Олардың 148 мыңы – жастар.

«Жалпы, жыл басынан бері жұмыспен қамтылған азаматтардың 137 мыңы мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарына жолданған болса, 97 мыңнан астам азамат Мемлекет басшысының «Әрбір 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орындары» бастамасы аясында, 103 мыңнан астамы жұмыс берушілер тарапынан ұсынылатын бос жұмыс орындарына, ал 16 мыңға жуығы елімізде жүзеге асырылып жатқан ұлттық жобалар мен салалық тұжырымдамалар аясында іске асырылып жатқан жобаларға жұмысқа орналасты», - деді ол.