Тағы бір әуежайды шетелдік компания басқаратын болды

0
777

Былтыр Астана халықаралық әуежайы шетелдік инвестор БАӘ-нің Terminals Holding компаниясымен бірлескен жұмысты бастаған еді.


Тағы бір әуежайды шетелдік компания басқаратын болды

ERNUR.KZ. Атыраудың әуежайын енді шетелдіктер басқарады, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы nehabar телеграм арнасында хабарланды.

Бүгін "АТМА - Атырау әуежайы және тасымалдау" АҚ компаниясының акцияларын иеліктен алу процедурасы мақұлданды. Оның жаңа иелері Катарда тіркелген компания - QazAir Investments LLC атанды.

Бұған Үкіметтің 2024 жылғы 7 тамыздағы "Стратегиялық нысандарды иеліктен алу туралы" қаулысы дәлел.

Атырау әуежайының қолданыстағы акционерлері - Mağdenli Yer Hizmetleri ve Taşıma A.Ş және "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ өз акцияларын QazAir Investments LLC пайдасына береді, - делінген құжатта.

Олардың әрқайсысына "АТМА - Атырау әуежайы және тасымалдау" АҚ компаниясының 50%-ы тиесілі болған.

Еске салсақ, былтыр Астана халықаралық әуежайы шетелдік инвестор БАӘ-нің Terminals Holding компаниясымен бірлескен жұмысты бастаған еді. Сол кездегі ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Terminals Holding компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. Негізгі мақсат - Астана әуежайын мультимодальді хаб ретінде дамыту, инвестиция құю арқылы ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу жасау, жүк терминалың қуаттылығын және жолаушылар ағынын арттыру.