​Тайлақ немересіне қалыңдық іздейді: "Тақиялы періште-2"

0
3 467

Фильм желісі – немересі Аңсарға лайықты жар іздейді.


​Тайлақ немересіне қалыңдық іздейді:

ERNUR.KZ. "Тақиялы періште-2" фильмі 31 қаңтардан бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіле бастайды, деп жазады BAQ.KZ.

Халықтың көзайымына айналған Ұлы режиссер Шәкен Аймановтың атақты фильмі «Тақиялы періште» кинотуындысының жарыққа шыққанына 50 жыл толды. Ал, сол фильмде басты рольді сомдаған біртуар актриса, Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр актрисасы Әмина Өмірзақованың 100 жылдығы биыл ЮНЕСКО көлемінде тойланады.

"Кеңестік одақ кезеңінен бастап миллиондаған талғамы биік көрерменнің жүрегін жаулап, махаббатына бөленген көркем туындыны өскелең ұрпақ ұмытпаса, өз ұлтының салт-дәстүрін ұлықтап, ұрпақ сабақтастығын жандандыруға үлес қоса берсе деген игі мақсатпен "Тақиялы періштенің" жалғасы іспетті "Тайлақтың тақиясы" көркем фильмін түсіріп, назарларыңызға ұсынып отырмыз", - деп хабарлады фильмді түсіруші топ.

Фильм желісі – "Тақиялы періштеде" Әмина апамыз ұлы Тайлаққа қалыңдық іздеп сарылса, "Тайлақтың тақиясында" 50 жылдан соң сол Тайлақ (Әлімғазы Райынбек) немересі Аңсарға лайықты жар іздейді.

Тұсаукесерге елу жыл бұрын "Тақиялы періште" көркем фильміне түскен өнер қайраткелері де шақырылды. Олар басты рольді сомдаған Тайлақ - Әлімғазы Райынбек, Тайлақ ұнатқан Сұлу – Шолпан Алтайбаева, Бибігүл Төлегенова, Райхан Шанина, т.б. Сонымен қатар, шараға басқа да қоғам және мәдениет қайраткерлері шақырылды.