Талғар қаласының әкімі қызметінен босатылды

0
215

Сондай-ақ сеніп тапсырылған аумақта бақылауды әлсіреткені үшін Талғар ауданы әкімі Таңат Айдарбековке сөгіс жарияланған.


Талғар қаласының әкімі қызметінен босатылды

фото: Sputnik/Айдана Дайырова

ERNUR.KZ. Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков қызметінен босатылды, деп жазады sputnik.kz.
"Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков пен қала әкімінің орынбасары Сағындық Матан өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін" қызметтен босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ сеніп тапсырылған аумақта бақылауды әлсіреткені үшін Талғар ауданы әкімі Таңат Айдарбековке сөгіс жарияланған.
Еске сала кетейік, 16 жастағы Шерзат Полатты 4 қазанға қараған түні отбасының көзінше өлтіріп кетті. Осыдан кейін 12 қазанда олардың Азат ауылындағы үйін белгісіз біреулер өртеп жіберді.
Бұл іс Ішкі істер министрлігі басшысы мен Бас прокурордың ерекше бақылауында.