Жаңа өзгерістер ауыл шаруашылығына қаншалықты тиімді?
ERNUR.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау қағидасына өзгерістер енгізді, деп жазады inbusiness.kz.
Атап айтқанда, суармалы сумен жабдықтау қызметтерін сатып алу шығынын трансферттік өтінім арқылы су берушілерге тікелей субсидия төлеу арқылы өтеуді көздейтін жаңа тетіктер әзірленді.
Өзгерістер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидия келуін күтпей-ақ, сумен жабдықтаушыларға оларды алғаннан кейін айырмашылықты төлемей, суармалы сумен жабдықтау қызметтерін жеңілдетілген бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.