Танымал боксшы Василий Левит Астана қаласының спортын басқарады

0
461

​Ол Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болды.


Танымал боксшы Василий Левит Астана қаласының спортын басқарады

ERNUR.KZ. Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Василий Левит тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz.

Ол 1988 жылы Қостанай облысында туған.

"Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, екі Олимпиялық ойындарға қатысқан. 2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері, бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы", – деп хабарлады Дене шынықтыру және спорт басқармасы.
2022 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.