Жер асты дүмпулері сезілгенін Өзбекстанның азаматтары да жазып жатыр.
ERNUR.KZ. Тараз бен Шымкент қалаларының тұрғындары 19 маусымда сағат 17:10 шамасында жер сілкінісі болғанын байқаған, деп жазады zakon.kz.
Бұған әлеуметтік желілерден, сондай-ақ Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының сайтынан алынған ақпараттар дәлел бола алады.
- Аздап тербелді;
- 2 балл болды шамамен Таразда;
- Бірнеше секундқа ұстады, Шымкент;
- 5-қабатта кәдімгідей сезілді. Шымкент;
- 5-7 секунд қандай да бір діріл болды.
Сондай-ақ, жер асты дүмпулері сезілгенін Өзбекстанның азаматтары да жазып жатыр.
Қазақстандық ұлттық деректер орталығының жедел деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 19 маусымда Астана уақыты бойынша сағат 17:09-да Қырғызстанда жер сілкінісі болды. Магнитудасы - 5.1. Қазақстан аумағында сезілгені туралы ресми ақпарат жоқ.