Күдікті тұлға сот санкциясымен қамауға алынды.
ERNUR.KZ. Прокурорлар Тараздың балабақшасында ірі көлемде қаражатты жымқыру фактісін анықтады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Тараз қаласының прокуратурасы «РозАль» орталығы» жеке балабақшасы басшылығымен мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 13 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады», - делінген Жамбыл облыстық прокуратурасының хабарламасында.
Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражаттарын алған.
Осы факт бойынша 25.09.2023 жылы ҚК-нің 190-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.
Қылмыс жасады деген күдікпен балабақша басшысы соттың санкциясымен қамауға алынды.