ЖКО нәтижесінде автобустың бір жолаушысы және жедел жәрдемнің үш жолаушысы жарақат алған.
ERNUR.KZ. 3 мамыр күні Таразда "Газель-32214" маркалы жедел жәрдем көлігі мен "DONG FENG" маркалы жолаушылар автобусының қатысуымегн жол-көлік оқиғасы орын алды, деп жазады Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Соққының салдарынан жедел жәрдем бір жақ қапталына аударылып қалған.
ЖКО нәтижесінде автобустың бір жолаушысы және жедел жәрдемнің үш жолаушысы жарақат алған. Жапа шеккендердің барлығы Тараздың медициналық қызметтеріне жүгінген. Аталған дерекке қатысты қажетті сараптамалар тағайындалды.