Таразда қоқыстан нәрестенің мәйіті табылды

0
571

Сәбидің денесі Жамбыл облысының мәйітханасына жеткізілді.


Таразда қоқыстан нәрестенің мәйіті табылды
ERNUR.KZ. Таразда қоқыстағы пластикалық шелектен шала туылған нәрестенің мәйіті табылды, деп жазады sputnik.kz.
"29 желтоқсан сағат 11:30-да Тараз қаласының полициясына Байзақ батыр көшесіндегі қоқыс жәшігінің жанынан пластикалық шелектен шала туылған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел-тергеу тобы шықты", - делінген хабарламада.
Сәбидің денесі Жамбыл облысының мәйітханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта оның анасын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды