Бір ай бұрын ғана суицид жасамақ болғаны енді ғана анықталып отыр.
Сурет: видеодан скриншот
Бір ай бұрын ғана суицид жасамақ болғаны енді ғана анықталып отыр. Өйткені мектеп ұжымы бұл істі жылы жауып қойған. Сыныптасын өлтіре жаздаған ол бірден психологиялық аурулар клиникасына жатқызылған.
9-сынып оқушысы қатарласын өлтіруге бір апта дайындалған көрінеді. №35 мектептің оқушысы әуелі құрбысын саябаққа серуендеуге шақырған. Кездесу кезінде күтпеген жерден пышық сілтеген.
Тамағынан пышақ жарақатын алған оқушы үйіне жетіпті. Қазір ол үйінде емделіп жатыр. Ал мұны жасаған оқушы психдиспансерге жатқызылды.
"Өте салмақты, жақсы оқитын, тәртіпті оқушының бірі еді. Ешқандай жат қылығын көрмеген едім. Ол да, анау да шок жағдайда. Пышақтың ұшы кірген. Егер шамалы 1-2 милиметр болғанда жарақат ауыр болар еді. Күре тамыры кесіліп те кетуі мүмкін еді". Cынып жетекшісі Шолпан Жаркиева
Оқиға 30 қаңтарда болған. Оқушы қыздың бұған дейін де мектепте өз қолын өзі кескені белгілі болды, бірақ мұны мектеп әкімшілігі барынша жасыруға тырысыпты. Мұны жасырған директор мен психолог жұмыстан кетті.