Таразда оқушы арматураға құлап, мойнындағы тамырларын кесіп алған

0
1 372

Ота кезінде оқушыға қан құйылған. Қазір өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.


Таразда оқушы арматураға құлап, мойнындағы тамырларын кесіп алған

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында 8 жасар бала аулада ойнап жүріп мойнын жарақаттап алған, деп жазады Stan.kz

Баланың жақындарының сөзінше, бала үйдің маңында құрылыс жүріп жатқан жерде ойнаған. Сол кезде арматураға құлап, мойнын жарақаттап алыпты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқушының мойнындағы үлкен тамырларды кесіп кеткен. Бастапқыда жансақтау бөліміне жатқызылып, кейін операция бөліміне ауыстырылыпты.

Отаны ЛОР дәрігері және жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Иван Мойсюк, травматология бөлімінің дәрігері Қайрат Жеңісбаев мен тамыр хирургі Арман Ұлтарақов жүргізді.

Ота кезінде оқушыға қан құйылған. Қазір өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.