12 жастағы қыздың анасы көрші тұратын бірнеше жасөспірімнің қызын топпен зорлап, онысын видеоға түсіргенін айтқан.
Фото: Рixabay.com
ERNUR.KZ. Таразда топпен зорланған 12 жастағы қызға қатысты іс Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық сотына жетті, деп жазады stan.kz.
Істің сотқа жеткенін жәбір көрген қыздың анасы айтты. Адвокаттың айтуынша, іс Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі және 121-бабының 4-бөлігі бойынша қозғалған.
Бұған дейін 12 жастағы қыздың анасы көрші тұратын бірнеше жасөспірімнің қызын топпен зорлап, онысын видеоға түсіргенін айтқан еді. Бұл туралы білгенде ол бірден полицияға шағым түсірген.
Жәбірленуші тараптың адвокаты Әлия Арзымбетова сараптаманың қорытындысы шықпастан қылмыстық іс екі рет тоқтатылғанын айтты.
Бұған дейін Жамбыл облысында жасөспірімдердің қызды топтасып зорлады деген күдікке ілінгені туралы жазған едік.