Тас пен сантехника ұшып жатыр: Атырауда тірі жан тұрмайтын жатақхана жұрттың үрейін ұшырды

0
754

Ауладағы құдықтардың да беті жабылмаған.


Тас пен сантехника ұшып жатыр: Атырауда тірі жан тұрмайтын жатақхана жұрттың үрейін ұшырды

ERNUR.KZ. Құнанбайдағы №13 үйдің тұрғындары желтоқсан айында өз еріктерімен басқа жерге көшірілді. Ал үй жуырда сүрілетін болады, деп жазады Stan.kz.

Желтоқсан айының жиырмаларында әлеуметтік желіде осы үйге қатысты видео тарады. Видео авторы бос тұрған үйдің қоршалмағанын, оның ішінде әлі күнге дейін жастардың жүретінін айтты. Олар сантехниканы ішінде тұрып сыртқа лақтыратын болған. Сондай-ақ, үйдің ауласында ашық құдықтар бар.

«Қайғылы оқиға болғанын күтіп отырған шығар», - деген еді видео авторы.

2 қаңтар күні аталған басылымның тілшісі осы жатақханаға барған. Жол-жөнекей такси жүргізушісі осы жатақханадан біреулердің көлікке тас лақтырғанын айтқан. Артынша үйдің расымен де қоршалмағаны белгілі болды. Ал жасөспірімдер қалған терезелерді таспен шағып жатыр.